Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

14 қараша, 2018, 09:18 1925
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Тек республиканың солтүстік-шығыс бөлігінің кей жерінде аздаған қар жауады.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-шығыс бөлігінің кей жерінде аздаған қар жауып, қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман түсіп, оңтүстік және шығыс бөлігінде екпінді жел мен жаяу бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Маңғыстау, күндіз Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі.

Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар