Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі - Жаңалықтар | BNews

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі

15 наурыз, 09:47 1712 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі

Кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің екпіні күшейеді.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, оңтүстікте қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерінде көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с, Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Батыс Қазақстан облысында антициклонның шығысқа жылжуына қарай жауын-шашын болып, тұман түседі және күн жылынады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар