Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі - Жаңалықтар | BNews

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

23 шілде, 09:14 1712
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Еліміздің кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейіп, республиканың оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде дауыл соғып, күндіз кей жерлерде республика бойынша бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін соғады, күндіз 15-20 күшейеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай байқалады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түсіп, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстанда – дауыл.

Алматы, Павлодар облыстарында кей жерлерде найзағай байқалады, жел 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, Алматы облысында – тұман.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20, екпіні – 23 м/с, таңертең және күндіз найзағай болады, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, Ақтөбе облыстарындың кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады, Қызылорда облысында түнде және таңертең найзағай ойнайды.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында күндіз найзағай ойнайды.

Алматы, Атырау облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары