Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды - Жаңалықтар | BNews

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

17 мамыр, 09:12 3158 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Еліміздің кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.

17 мамыр бейсенбі күні атмосфералық ауа ағымдарының өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жауын жауып, найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, тек батыста күн ашық болады. Кей аумақта жел екпіні күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с-ге жетіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары