Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

12 қазан, 2018, 09:10 1101
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман күтіледі, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман күтіледі, оңтүстігінде шаңды дауыл болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидрометке" РМК-ға сілтеме жасап.                                    

Солтүстік Қазақстан  облысында түнде жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20, екпіні 25 м/с  күшейеді.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20, күндіз кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысыныңкей жерлерінде түнде жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Манғыстау облысында, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар