Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

19 қаңтар, 2019, 09:01 300
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшейеді.

Қазақстанның басым облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 22-27, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20, түнде екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде және таңертең тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.  

Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ауа райы #Қазгидромет #жауын-шашын

Читайте также

Похожие новости