Бүгін Қазақстанның бірқатар аймағында қар жауады

19 қараша, 2018, 09:18 1275
Бүгін Қазақстанның бірқатар аймағында қар жауады

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасын болады.

19 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс және де оңтүстік батыс бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасын болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде – тұман, жолдарда  көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар