Бүгін кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады

17 шілде, 09:17 1704
Бүгін кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады

Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады.

Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек оңтүстікте және солтүстікте ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей аумақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін, солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде дауыл тұрады.

Алматы, Түркістан, Атырау облыстарында, күндіз Ақтөбе, түнде Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-22 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, Түркістан, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей аумақтарында аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей аумақтарында өрт тұтану қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары