Бүгін кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

21 шілде, 2018, 14:12 2288
Бүгін кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Қазақстанның солтүстік аумағында шаңды дауыл тұрып, түнде және таңда тұман түсуі мүмкін.

Бүгін Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды  BNews.kz  "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығыс бөлігінде күн ашық болмақ. Ал Қазақстанның солтүстік аумағында шаңды дауыл тұрып, түнде және таңда тұман түсуі мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін ұлғаяды.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қазалорда облысында күндіз жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін күшеймек.

Маңғыстау, Атырау облыстарында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейсе, Қостанай облысында күн тұманды болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар