Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Өскеменде болды

06 ақпан, 2017, 13:37 734
Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Өскеменде болды

Сапардың басты мақсаты – Елбасының халыққа Жолдауын және алдағы болатын конститутциялық реформаларды түсіндіру. Мұхтар Құл-Мұхаммед «Шығыс сүт» корпорациясы және өндіріс арматурасы зауытының ұжымымен кездесті, сондай-ақ Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болды және партияның облыстық активінің алдындағы жұмысының басым бағыттарын белгілеп берді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық бағдарламасы шеңберінде жаңғыртылған өңірдегі ең ірі сүт өңдеу зауытының қызметкерлерімен әңгімелесу барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары бүгінгі таңдағы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген ел дамуының жаңа стратегиялық бағытының айрықша маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге Мұхтар Құл-Мұхаммед алдағы болатын үлкен өзгерістердің оң әсерін ең алдымен қазақстандық өндірушілердің сезе бастайтынына тоқталды. Өйткені тап солардың технологиялық қайта жарақтандырылуы мен жұмыстарының сапалы жаңа деңгейге көтерілуі – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыты. Ел Лидері жария еткен жаңалықтарды партия төрағасының бірінші орынбасары корпорация жұмысшылары үшін барынша ұғынықты пішінде түсіндірді; егер де 8 зауыттың басын біріктіретін олардың компаниясы жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының қажеттілігіне де жетпейтін 36 мың тонна өнім шығарса, енді «жаңғыру 3.0» -ге қатыса отырып, өндірістің сапасын да, қуатын да арттырып, тауарын өткізудің жаңа нарығын (оның ішінде шетелдікі де бар) игеріп, табысты ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын құрып, адамдардың еңбек ақысын өсіре алады. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында агроөндіріс кешенінің бүгінгі таңдағы экономикамыздың жаңа тегершігі болуы тиіс екенін атап өтуі кездейсоқтық емес. Мұндай бастамалар зауыттағылардың көңілінен шықты.

Өскемендегі өндіріс арматурасы зауытының ұжымы да «Үшінші жаңғыру» идеясын толықтай қолдады. Зауыт республикамыздағы мұнай кәсібі жабдықтары саласындағы - ең ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын индустриалды-инновацияны дамыту бағдарламасы бойынша 2014 жылы салынды. Компания экспортқа да жұмыс жасайды. Бұл жердегілер Президент жария еткен өзгерістердің арқасында Қазақстан экономикасының нақты секторына инвестицияның жаңа толқыны келеді деп үміттенеді, оның өз кезегінде шығаратын өнім мөлшерінің ұлғая түсуіне мүмкіндік туғызатынын Мұхтар Құл-Мұхаммед те атап өтті. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы қуатты базасы бар, біздің еліміздің өндірістік және индустриалдық орталығы болып қала береді.

"Елбасы Жолдауы өңірге жоғары, заманауи, инновациялық технологиялардың негізінде өз өндірісін одан әрі жаңғыртуға бірегей мүмкіндік береді», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед..

Сондай-ақ Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Өскемендегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед инновациялық экономиканы құру үшін сенімді ғылыми-білім іргетасының салынуы керек екенін мәлімдеді. Міне сондықтан да Президент Жолдауының бес басым бағыттарының бірі адам капиталының сапасын жақсарту болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өткеніндей, бірінші кезекте білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. "Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсімнің жаңа үлгісінің ортақ түйіні ету. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен ақпаратты іздеу икемін дамытуға бағыттау қажет», - делінген Мемлекет басшысының Жолдауында. Осыған орай жоғары оқу орындарындағы кадрлық қүрамға қатысты бақылау мен талапты күшейту, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен білім беру бағдарламаларының деңгейі бойынша Президент тапсырмасының маңызы өте зор. Шығыс Қазақстандағы ЖОО-ның өкілдері ел Лидері жария еткен оқытудың иновациялық үлгілерін енгізуге дайын екендерін айтты.

Өскемендегі еңбек ұжымымен, зиялы қауым және жастармен өткен кездесуін қорытындылай келе Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отанның» облыстық филиалы активінің алдындағы жұмыстарының басым бағыттарын белгілеп берді. Ол партиялықтарға «Үшінші жаңғыру» мен мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша президент жоспарының негізгі мәнісін өңірдің әр тұрғынына егжей-тегжейлі түсіндіруді тапсырды. Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасының сапалы және уақытында орындалуын бақылау міндетінің «Нұр Отанның» мойнына жүктелгенін еске салды.

 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #Жолдау #Нұр Отан партиясы

Читайте также

Похожие новости