Бүгін республиканың кей аймағында жел екпіні күшейеді

14 Июля, 2018, 10:39 2507
Бүгін республиканың кей аймағында жел екпіні күшейеді |  | BNews.kz

Солтүстікте және орталықта түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей аймағында жел күшейіп, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Сондай-ақ, Жамбыл, Алматы Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күші 15-22 м/с жетеді. Атырау облысының басым бөлігінде, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде қатты ыстық сақталады.


Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13935

Похожие новости