Бүгін республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады

19 шілде, 2018, 09:17 1825
Бүгін республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттаардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа  райы сақталады. Кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, қиыр оңтүстікте, солтүстікте, батыс және орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты  ыстық болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт  қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар