Бүгін телеарна мен радио таратылымы уақытша тоқтатылды - Жаңалықтар | BNews

Бүгін телеарна мен радио таратылымы уақытша тоқтатылды

31 қаңтар, 10:44 902
Бүгін телеарна мен радио таратылымы уақытша тоқтатылды

31 қаңтарда профилактикалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты республикалық телеарналар мен радио бағдарламалары сағат 17:00-ден басталады.

Қазақстан Республикасындағы хабар тарату саласындағы ұлттық оператор "Қазтелерадио" АҚ 03:00 мен 17:00 аралығында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"2018 жылы 31 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) "Қазтелерадио" АҚ-ның жерсеріктік, эфирлік телерадио хабарларын тарату және деректерді беру желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары