Бүгін түнде Қазақстан мен Ресей тұрғындары Ай тұтылуын тамашалай алады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін түнде Қазақстан мен Ресей тұрғындары Ай тұтылуын тамашалай алады

27 шілде, 19:08 3114
Бүгін түнде Қазақстан мен Ресей тұрғындары Ай тұтылуын тамашалай алады

Ай сағат 23:13-те тұтыла бастайды. Ол Жердің көлеңкесіне сағат 1:30-да толық кіріп, сағат 4:19-да шығады.

Бүгін, 27 шілдеден 28 шілдеге қараған түні бүкіл Қазақстан мен Ресейдің көп бөлігінің тұрғындары сирек кездесетін ерекше астрономиялық құбылысты көре алады. Ай тұтылып, ол қызыл түске боялады, деп хабарлайды BNews.kz Вaq.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен ғаламшарлар физикасы зертханасының басшысы Виктор Тейфель аталған табиғи құбылыстың қалай жүзеге асатынын түсіндіріп берді.

"Ай Астана уақыты бойынша сағат 23:13-те тұтыла бастайды. Айдың тұтылуын Қазақстанның бүкіл аумағынан еш құралсыз-ақ көруге болады. Бүгін түнде Ай өз орбитасымен батыстан шығысқа қарай қозғалып барып, жердің көлеңкесіне кіріп кетеді. Осылайша, Ай толығымен тұтылады. Яғни, Жер Күнді жауып тастап, оның сәулесі Айға екі сағат бойы түспей қалады", - дейді Виктор Тейфель.

Астрономның айтуынша, Ай мүлдем жоғалып кетпейді. Ол қою қызыл немесе қызыл түс болып көрінетін болады. Ай сағат 23:13-те тұтыла бастайды. Ол Жердің көлеңкесіне сағат 1:30-да толық кіріп, сағат 4:19-да шығады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары