Бүгінде 400-ден астам студент мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында оқып жатыр

30 шілде, 2018, 16:13 1743 Астана
Бүгінде 400-ден астам студент мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында оқып жатыр

Бұл туралы "Қаржы орталығы" АҚ-ның президенті мәлім етті.

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен 2018 жылғы 30 шілдедегі жағдайға сәйкес "Қаржы орталығы" АҚ-ның Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін ілгері жылжыту бойынша жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы барысында Орталықтың президенті Асқар Ыбрайымов қазіргі уақытта 400-ден астам студент мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында оқып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Іс-шараға "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының президенті Асқар Ыбрайымовтан басқа, Білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Тілеш Ыбраев, сондай-ақ департамент менеджері Алпамыс Сатыбалдин қатысты.

Асқар Ыбрайымовтың айтуынша, 2013 жылы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша халыққа жоғарғы оқу орындары мен колледждерде білім алуда қаржылық қолдау көрсету үшін қаражат жинақтаудың жаңа жүйесін (депозиттер) енгізуді көздейтін "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" ҚР Заңы қабылданды.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі депозиттерінің басты артықшылығы салымдарға 12%-ға дейін банктік сыйақыдан бөлек мемлекеттен сыйлықақы төленеді. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – жылдық 5%, басымдықты санаттағылар үшін – 7%.

"Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында 16 802 561 331 теңге сомасына 19 166 білім беру жинақтау салымы тіркелді. Осы жылдың ақпан айында 14 739 салымшы бойынша 757 409 000 теңге мемлекет сыйлықақысы төленді. Осы уақытқа дейін салымдар бойынша есептелген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы 1 644 761 000 теңгені құрады", - деп баяндады "Қаржы орталығы" АҚ-ның президенті.  

Оның мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша білім алатын студенттердің мониторингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарымен 105 және колледждерімен 525 мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласында келісім жасалды.

"Бүгінгі күнде 403 студент мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында білім алып жүр", - деп сөзін түйіндеді Асқар Ыбрайымов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: