Бүгінгі Үкімет отырысы Елбасының тапсырмасынан кейін мемлекеттік тілде өтіп жатыр - Жаңалықтар | BNews

Бүгінгі Үкімет отырысы Елбасының тапсырмасынан кейін мемлекеттік тілде өтіп жатыр

27 ақпан, 10:44 1006 Астана
Бүгінгі Үкімет отырысы Елбасының тапсырмасынан кейін мемлекеттік тілде өтіп жатыр

Инвестициялар және даму министрі мен Энергетика министрі баяндамаларын тек қазақ тілінде жасады.

27 ақпанда Үкімет отырысы қазақ тілінде өтіп жатыр. Кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдаған кезде Парламент пен Үкімет отырысы мемлекеттік тілде өтуі тиіс екенін айтқан болатын, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.

"Қазақ тілінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруымыз қажет. Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша азаматтардың құқығын шектеуге болмайды. Олар үшін ілеспе аударма жасау мүмкіндігін қарастырған жөн", - деді Елбасы.

Бүгін Үкімет отырысында алғашқылардың бірі болып сөз алған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндамаларын тек қазақ тілінде жасады.

Осыдан кейін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Ауыл шаруашылығының вице-министрі Арман Евниев және басқа да Үкімет отырысына қатысушылар тек мемлекеттік тілде ғана сөз сөйледі. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары