Бүгіннен бастап Астанада әлеуметтік жәрмеңке өтеді

Написать нам
03 қараша, 2018, 09:43 3244 Астана
Бүгіннен бастап Астанада әлеуметтік жәрмеңке өтеді

Оған Павлодар облысынан 150 тонна картоп жеткізілген.

3 қарашадан бастап Астанада әлеуметтік жәрмеңке өтеді. "Алай Базары" көтерме-бөлшек сауда орталығының ғимаратында 3 қараша мен 3 желтоқсан аралығында күн сайын "Алтын күз" атты әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп xабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Павлодар мен Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерін, сондай-ақ көкөністер, жемістер мен жармалар ұсынады.  Қой етінің бағасы 1230 теңгеден басталса, жылқының еті 1400-ге дейінгі аралықта сатылады. Әлеуметтік жәрмеңкеде картоптың бағасы келісі - 55 теңге. Айта кетейік, Павлодар облысынан 150 тонна картоп жеткізілген. Сондай-ақ сәбіздің бір келісін 45 теңгеге ала аласыздар.  Ақмола облысынан 30 тонна ірі қара мал мен 7 тонна қойдың еті жеткізілді.

Ірі қара малдың еті келісіне - 1300 теңге. Ал қой еті - 1250 теңге.  Жұмыртқаның бағасы С-1 санаттық -  23 теңге, С-2 - 24 теңге.  Сонымен қатар, мұнда кондитерлік және макарон өнімдері, шұжық пен бал да ұсынылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар