Бұл бізге сабақ болуы керек – Сағынтаев Кемероводағы қайғылы оқиға туралы

27 наурыз, 2018, 11:18 2202
Бұл бізге сабақ болуы керек – Сағынтаев Кемероводағы қайғылы оқиға туралы

ҚР Премьер-министрі сондай жағдайлардың алдын алу үшін елімізде қажетті шаралар қабылдануы қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында министрлерді Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда және ойын-сауық орталығында болған қайғылы оқиғадан сабақ алуға үндеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Сіздерге Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда және ойын-сауық орталығында өрт шыққаны белгілі. Көптеген адам қаза тапты, олардың 35-і балалар. Біздің Мемлекет басшымыз Ресей Федерациясының басшысына ресми түрде көңіл айтты. Бізге бұл жағдай сабақ болуы керек. Бұл өте жоғары деңдейде талқыланып жатыр. Сауда орталықтары басшыларының бастамасы бойынша, ғимараттардың қауіпсіздігі тексеріліп жатыр. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін біз де қажетті шаралар қабылдауымыз қажет. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин, Премьер-министрдің бірінші орынбасары – редакцияның ескертуі) өз бақылауыңызға алыңыз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетсек, 25 наурызда Кемерово қаласындағы сауда үйінен өрт шығып, соңғы мәлімет бойынша 64 адам қаза тапқан болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Кемероводағы "Зимняя Вишня" сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабардар бола тұра дабыл жүйесін өшіріп қойған күзетші ұсталды. Ұсталған адамға қатысты ауыр қылмыстық мерзім берілуі мүмкін. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, Владимир Путинге жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Бақытжан Сағынтаев #өрт #Үкімет

Читайте также

Похожие новости