Бұл фейк – ғалым Каспийден ұсталған ерекше балық туралы

17 тамыз, 2018, 09:53 3416
Бұл фейк – ғалым Каспийден ұсталған ерекше балық туралы

Ерболат Қадимов бұл скат балығы емес екендігіне сенімді.

Әлеуметтік желілерде Каспий теңізінен мұнай өндіретін компания қызметкерлерінің қолдарына теңіз скатына ұқсас өзгеше балықты ұстап тұрған суреттер бірнеше күннен бері қызу талқыға салынуда, деп хабарлайды BNews.kz Ақжайық порталына сілтеме жасап.

Мұның қандай балық екенін білу мақсатында Ақжайық порталының редакциясы "Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" АҚ Атырау филиалының директоры Ерболат Қадимовтың пікірін сұрады.

Ғалым суретті мұқият қарап шыққан соң, скаттың Каспийде болуы мүмкін еместігін кесіп айтты.

"Каспий теңізінде балықтың бұл түрі мекендеуі үшін ешқандай жағдай жоқ, скаттың ол жерде болуы мүмкін емес. Мұның фейк екені көрініп тұр ғой. Мұндағы суреттердің бірінде адам "скатты" қолына жеп-жеңіл етіп ұстап тұр, бірақ олай болуы мүмкін емес, біріншіден – ол ауыр балық, екіншіден өте жылтыр, сусылдақ", - деп атап өтті Ерболат Қадимов.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Атырау облысы #балық #әлеуметтік желі

Читайте также

Похожие новости