Бұл жолы ешқандай күмән болмайды, мен жеңіске жетемін – GGG - Жаңалықтар | BNews

Бұл жолы ешқандай күмән болмайды, мен жеңіске жетемін – GGG

30 қаңтар, 11:22 1011
Бұл жолы ешқандай күмән болмайды, мен жеңіске жетемін – GGG

Головкин мен Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек 5 мамырда өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы екінші жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті. 

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің өтетіні туралы бірнеше сағат бұрын белгілі болды. Жекпе-жек 5 мамыр күні өтеді. Кездесуді НВО арнасы ақылы жүйе (PPV) арқылы тікелей эфирде көрсетеді. 

"Альвареспен екінші рет кездесуге дайынмын. Жалпы жекпе-жектің өтетініне қуаныштымын. Бұл – күллі әлем күткен жекпе-жек. Мен бірінші кездесуде төрешілердің бірнеше шешімімен келіспеген едім. Бұл жолы ешқандай күмән болмайды. Мен шаршы алаңда орта салмақтың чемпионы ретінде кетемін", - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com порталы.

Еске салайық, олардың бірінші кездесуі 2017 жылдың 19 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. 
 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары