Бурабай тауларында шыны көпір салынады

11 қазан, 2017, 17:40 1867 Ақмола облысы
Бурабай тауларында шыны көпір салынады

Туризмді дамыту бағдарламасы аясында Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы  тауларда шыны көпір салу жоспарлануда. 

Жобаға сәйкес, көпір Бөлектау тауынан Туфелька шыңына дейін салынады, деп хабарлады «Көкшетау Азия» ақпараттық агенттігі.

Ақпараттық технологиялар және туризмді дамыту бөлімінің басшысы Мария Титова Бурабайдағы шыны көпір құрылысы ойын-сауық бағдарламаларының тек бір бөлігі екенін айтты.

Жоғарыда аталған жобаны жүзеге асыру 2018 жылға жоспарланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!