Бурабай төрт мезгіл турист қабылдауға қауқарлы - Жаңалықтар | BNews

Бурабай төрт мезгіл турист қабылдауға қауқарлы

07 қараша, 2017, 09:17 1842 Ақмола облысы
Бурабай төрт мезгіл турист қабылдауға қауқарлы

Щучье-Бурабай курорттық аймағы туристердi жыл он екi ай бойы қарсы алуға қауқарлы, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазiр осы бағытта бiрқатар жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, «FOUR SEASONS» атты тұжырымдамада көрiктi өлкенiң барлық мүмкiндiктерi қарастырылған. 20 жобадан тұратын бағдарлама Бурабайдың қысы-жазы жұмыс iстеп тұруын қамтамасыз етедi. Ал арнайы құрылған туристiк-ақпараттық орталық аймақтың одан әрi танылуы мен қонақтардың Бурабай жайлы жан-жақты мәлiмет алуына жағдай жасайды.

«Бурабай курортты аймағын дамыту үшiн ең алдымен оны әлемдiк деңгейде жан-жақты таныту керек», - дейдi мамандар.

Сол үшiн Көкшетауда «Көкше аңыздары» атты кiтап үш тiлде жарық көрдi. Мұнда 10 шақты аңыз бар. Ендi ол Ақмола облысына келген шетелдiк қонақтарға сыйға тартылады.

Ал алдағы уақытта шеттен келген қонақтарды сол аңыздардағы кейiпкерлер құшақ жая қарсы алып жатса, таң қалмаңыз. Себебi iс-шаралар жоспарында туристер үшiн осындай бiр тосынсый бар. Бұл да болса Бурабай жайлы естен кетпес естелiк жасаудың бiр жолы. Одан бөлек ЕХРО көрмесiнде де Бурабай туралы мәлiмет беретiн 20 мыңға жуық брендтiк өнiмдер шетелдiктерге таратылған. Ал сол көрмеге келген меймандардың 80%-ы Бурабайды арнайы тамашалады.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов ендi аймақта жыл сайын ұйымдастырылатын «Қансонар» фестивалi бұдан былай Бурабайда өткiзiлетінін атап өтті.

«Араб Әмiрлiктерiнен келген қонақтар бiздегi сұңқармен аң аулауға қызығып отыр. Себебi оларда да саяхшылықтың осы түрi жақсы дамыған. Сондай-ақ жапондықтар Бурабайдан түрлi әлемдiк мерекелiк iс-шаралардың өткенiн көргiсi келетiндiктерiн айтты. Ендi аймақта жыл сайын ұйымдастырылатын «Қансонар» фестивалi бұдан былай Бурабайда өткiзiледi. Одан бөлек қысқы спорт түрлерiнен өтетiн түрлi сайыстар да осы өлкенiң қыстыгүнi де кiсi қызығуына жағдай жасамақ. Қазiрдiң өзiнде Бурабайға тек жаздыгүнi ғана емес, күз бен қыста да келетiндер көбейе бастаған. Мәселен, ерлi-зайыпты Александра мен Игорь көрiктi өлкеге Ресейдiң Екатеринбург қаласынан жыл сайын келiп демалады екен. Айтуларынша, курортты аймақ жыл санап дамып келедi», - дейдi Шынарбек Батырханов.

Өлкенің туристі Александра Пятова оған ең алдымен, бұл өлкенің таза ауасы өте қатты ұнайтынын айтты.

«Бiз тарихи орындарды өзiмiз-ақ аралап шығуды жөн көрдiк. Өз көлiгiмiзбен жүрмiз. Бурабайдың әсiресе таза ауасы жанымызға рахат сыйлайды. Тынысымыз ашылып, денсаулығымыз түзеледi. Бурабайда қазiр күнiне 1 мыңға жуық мейманды қабылдай алатын 100 шақты қонақүй жұмыс iстеп тұр. Олар да жыл он екi ай бойы қызмет көрсетуге әзiр. Жалпы, Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасының үшiншi кезеңiне Үкiметтен 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлу қарастырылған. Мұның барлығы көрiктi мекеннiң қысы-жазы сұранысқа ие болуын қамтамасыз етпек», - деді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар