Бурабайда ер адам жартастан құлап, жарақат алды

25 шілде, 2018, 18:02 1783 Ақмола облысы
Бурабайда ер адам жартастан құлап, жарақат алды

Оқыс оқиға тауда серуендеу кезінде орын алған.

Бүгін сағат 11.28-де  "112" кезекшілік-диспетчерлік қызметіне Бурабай ауданының Абылай хан алаңы маңыңда ер адамның жарақат алғаны жөнінде хабар келіп түскен, деп хабарлайды BNews.kz Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Сағат 11.29-да оқиға орнына 103 жедел жәрдем қызметі, Бурабай ауданының №7 құтқару бөлімшесі және ТЖД-ға қарасты 20-шы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жеткен. 11.45-те Т. есімді азамат тауда серуендеп жүріп, жартастан құлап жарақат алған. Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін науқасты көтеріп таудың етегіне түсіріп, ауруханаға жеткізуге ыңғайлы аумаққа жеткізді. Зардап шеккен азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты деп бағалануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар