Бурабайда қазақстандық Диснейленд пайда болады - Жаңалықтар | BNews

Бурабайда қазақстандық Диснейленд пайда болады

19 наурыз, 2018, 13:04 3483 Ақмола облысы
Бурабайда қазақстандық Диснейленд пайда болады

Қазір "Four season" бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Мамыр айынан бастап Щучье-Бурабай курорттық аймағында қазақстандық Диснейленд – "Бурабай-лэндтің" құрылыс жұмыстары басталады. Орталық Азияда оның баламасы болмайды. Бұл туралы Ақмола облысына жасалған баспасөз саяхаты барысында "Бурабай даму" бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығының басшысы Азамат Баймұқанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Орталықтың басшысы берген ақпаратқа сәйкес, 2012 жылдан бастап Щучье-Бурабай курорттық аймағында Мемлекет басшысының бастамасы бойынша "Қазақстандық Лапландия" тақырыптық саябағы жұмыс істеп тұр.

"Бұл туристік саладағы нақты қыс мезгіліндегі ең жақсы өнімдердің бірі. Біз қазір "Four season" (Төрт мезгіл) бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз. Біз бұл алаңды ары қарай да дамытатын боламыз. 1 мамырдан бастап біз қайта құруға жабыламыз. Бұл жер қайта құрылып, "Бурабай лэнд" ойын-сауық саябағы деп аталатын болады", - деді Азамат Баймұқанов.

Оның сөзінше, бұл Диснейлендтің баламасы болады.

"Бұл біздің қазақстандық Диснейленд болады. Көптеген ойын-сауық алаңы – әткеншектер, цирк алаңдары болады деп жоспарлануда. Бұл тек балаларға ғана емес, сондай-ақ ересектер үшін де өте қызықты болады", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, эксперт жаз мезгілінің басында этно-турды дамыту жоспарланғанын атап өтті.

"Біз демалу үшін келген саяхатшыға қымыз, шұбат ұлттық сусындарының әзірлену жолын көре алатын алаң дайындаймыз. Олардың дәмін татып, емдік қасиеті туралы біле алады. Бұдан басқа біз "Абылайхан алаңқайы" сияқты алаңдар дайындап жатырмыз, онда ЭКСПО-ға ұқсас тамаша мұражай құрылады да, көрсетілетіннің барлығы 3D форматында болады, сіз көзілдірік тағып, халқымыздың мәдениетімен таныса аласыз", - деді спикер.

Қазақстандық Лапландия Швейцариядағы Лапландияның баламасы бойынша құрылғанын атап өткен жөн. Ал Бурабай-лэндтің Орталық Азияда баламасы болмайды.

"Біз Финляндияның баламасы бойынша жоба әзірледік. Бұл нағыз Лапландия. Кішкене қысқартып, өзіміздің ұлттық нақышымызды қостық, бірақ тұжырымдамасы дәл сондай. Бурабай-лэндтің Орталық Азияда баламасы анық болмайды. Бұл расымен де бірегей жоба болады", - деп түсіндірді ол.

Азамат Баймұқановтың айтуынша, Щучье-Бурабай курорттық аймағына әртүрлі елдің туристерінің қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Ақпан айының өзінде-ақ Бурабайға 20-дан астам елден туристер келген, олардың қатарында Индия, Түркия, жақын шетелдер, ТМД елдері, Германия, Франция және Италия елдері бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар