Бұрынғы білім вице-министрі Аймағамбетов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды

17 қаңтар, 2019, 15:02 2939 Қарағанды облысы
Бұрынғы білім вице-министрі Аймағамбетов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды

Асхат Аймағамбетов облыс әкімінің орынбсары қызметінде әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етеді.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақ активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін ҚР Білім және ғылым вице-минитрі болған 36 жасар Асхат Аймағамбетов тағайындалды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Асхат Аймағамбетов облыс әкімінің орынбсары қызметінде әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етеді.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. "Тарихшы, тарих пәнінің ұстазы" және "құқықтану" мамандықтары бойынша екі жоғарғы білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де бастаған. "Аңсар" Жастар лигасын басқарған. Екі мәрте Қарағанды қалалық мәслихатында өзін өзі ұсынушы ретінде депутат болып сайланған.

2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы Білім бақсармасының жетекшісі қызметін атқарды. 2017-ші жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі және орта білім, сондай-ақ жоғарғы білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік еткен.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар