Cені өте маңызды кездесу күтіп тұр – Назарбаев Головкинге

13 қыркүйек, 2018, 12:38 3347 Астана
Cені өте маңызды кездесу күтіп тұр – Назарбаев Головкинге

ҚР Президентінің телерадио кешені әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаев пен Геннадий Головкиннің кездесуінен мұрағаттық бейнежазба жариялады.

ҚР Президентінің телерадио кешенінің Facebook-тегі ресми парақшасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кездесуінен мұрағаттық видео жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Cені қыркүйекте өте маңызды кездесу күтіп тұр. Барлық қазақстандықтың атынан саған сәттілік тілеймін. Қазақстандықтар сенің барлық жекпе-жегіңді мұқият қарайды. Біз сені мақтан тұтамыз. Бұл жастар үшін және тәрбие көрсету үшін өте маңызды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшыға.

"Менің ісім - жеңу, қалғанын сіздің қолыңызға тапсырдым", - деп күлді Геннадий Головкин.

Еске салсақ, 29 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинмен кездескен болатын. Кездесу барысында кәсіпқой боксшы Елбасына WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сыйға тартқан болатын. Ал Мемлекет басшысы Головкинге "Қазақстан Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың" орденін табыстады.

GGG мен Альварестің келесі жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста сағат 19:00 мен 19:30 аралығында өтеді. Ал қазақстандықтар бұл жекпе-жекті 16 қыркүйек күні, таңғы сағат 08:00 мен 08:30 аралығында тамашалай алады. Спортшылар WBA (Super), IBO және IBF белбеулері, орта салмақта әлем чемпионы атағы және The Ring журналының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар