Данэлия Төлешова Алматыда алғашқы жеке ән кешін өткізеді - Жаңалықтар | BNews

Данэлия Төлешова Алматыда алғашқы жеке ән кешін өткізеді

18 мамыр, 11:16 3148 Алматы
Данэлия Төлешова Алматыда алғашқы жеке ән кешін өткізеді

Украиналық "Голос. Дiти" байқауының жеңімпазы, қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Алматыда концерт береді, деп хабарлайды BNews.kz.

"MEGA Alma-Ata" сауда ойын-сауық орталығындағы амфитеатрда Данэлия "Голос. Дiти" байқауында орындаған әндерді, авторлық әндерін, жалпы алғанда 10 ән орындайды. Концерт 27 мамырда кешкі сағат 18:00-де басталады.

"Мені қолдайтындарға шын жүрегіммен алғыс айтамын және бұл ән кешімді менің жанкүйерлеріме арнаймын. Мен аздап уайымдап тұрғанымды жасырмаймын, бәрі жақсы өтсе екен деп тілеймін. Қалай болғанда да бұл менің алғашқы концертім. Сүйікті Алматы қаласында сіздермен кездесетінім үшін қуанам!" - дейді Данэлия Төлешова.

Концертке  басқа да халықаралық балалар ән байқауы мүшелері қатысып, Данэлияға қолдау көрсетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары