Данэлия Тулешова Junior Eurovision байқауында алтыншы орынды иеленді

26 қараша, 2018, 10:02 1707
Данэлия Тулешова Junior Eurovision байқауында алтыншы орынды иеленді

Биыл байқауға 20 елден жас орындаушылар қатысты және Қазақстан алғаш рет бақ сынап отыр.

Минскіде өткен "Балалар Евровидениесі" байқауында өнер көрсеткен отандасымыз Данэлия Тулешова алтыншы орынды иеленді, деп хабарлайды BNews.kz. Көрермендер мен әділқазылардың берген дауысы бойынша қазақстандық қатысушы 171 ұпай жинады. Ол онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Данэлия үшінші орында тұрған болатын.

Бас жүлдені 215 ұпай жинаған польшалық Роксана Венгель жеңіп алды. Екінші орынды 205 ұпаймен франциялық қатысушы алса, үшінші орынды 201 балмен автралиялық қатысушы алды.

Биыл байқауға 20 елден жас орындаушылар қатысты және Қазақстан алғаш рет бақ сынап отыр.

Данэлия Тулешова дүбірлі дода кезінде өзіне қолдау көрсетіп, жанкүйер болған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар