Даниал Ахметов: Спортпен шұғылданатын тұрғындарға мектептердегі спорт залдар қолжетімді болуы тиіс

20 Октября, 2017, 17:29 2148
Даниал Ахметов: Спортпен шұғылданатын тұрғындарға мектептердегі спорт залдар қолжетімді болуы тиіс |  | BNews.kz

Шығыс Қазақстан межеге алған тағы бір міндет – бұқаралық спортты дамыту. Бұл туралы облыстық әкімдік отырысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов мәлімдеді.

Сандарды сөйлетсек, бүгінде 400 мыңнан аса кендіалтайлық дене шынықтырып, спортпен шұғылдануда. Оның 160 мыңнан астамы ауыл тұрғындары. 

Ал соңғы үлгіде жабдықталған спорттық нысандар халықтың салауатты өмір салтына бет бұруына бірден-бір септігін тигізіп жатыр. Облыс бойынша 3000 спорт мекемесі жұмыс істейді, оның басым бөлігі ауылдық округтерде.

Облыстық әкімдік отырысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов баяндағандай, мемлекет меншігіндегі спорттық нысандардың бәрі өңір жұртына қолжетімді.  

Облыс әкімі Д. Ахметов жаппай мектеп спортын дамытуға бағытталған бірлескен бағдарлама жасау керектігін айтты.

«Балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің базасы тиімді қолданылмайды, ал білім шаңырақтарының спорт залдары түстен кейін бос қалады. Сондықтан білім мен спорт басқармалары қолда бар барлық спорт базаларын қолдана отырып, жаппай мектеп спортын дамытуға бағытталған бірлескен бағдарлама жасаулары тиіс. Сонымен қатар, әр мектептегі спорт залының толымдылығы туралы талдау жүргізу керек», - деді аймақ басшысы.

Даниал Ахметов сондай-ақ, хоккей алаңдарының да қызмет кестесін тексеруді тапсырды. Олардың бір күн бос тұрмаулары үшін жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыру қажеттігін нықтады. Бұдан бөлек облыс әкімі волейбол, футбол және хоккей сияқты спорт түрлерінен жаттықтырушыларды жүйелі түрде үздіксіз оқыту керектігін атап өтті.

 

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости