Данияр Елеусіновтің әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

22 қазан, 2018, 11:44 2274
Данияр Елеусіновтің әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

Оның келесі жекпе-жегі 24 қарашада Монте-Карлода өтеді.

Кеше қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл Даниярдың әлемдік рейтингте  біршама жоғары көтерілуіне жол ашты, деп хабарлайды BNews.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренасында өткен бокс кешінде жергілікті Мэтт Доэртимен айқасқан Елеусінов бірінші раундта-ақ қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бұл жеңіс боксшының BoxRec.com сайтының рейтингінде біршама жоғарылауына жағдай жасады. 27 жастағы боксшы бірден 39 саты көтеріліп, 224-орынға шықты. Елеусінов келесі жекпе-жегін 24 қараша күні Монте-Карлода (Монако) өткізеді. Қарсыласының есімі кейінірек хабарланады.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар