Дархан Мыңбай экология мәселелерін шешетін болады - Жаңалықтар | BNews

Дархан Мыңбай экология мәселелерін шешетін болады

14 ақпан, 11:24 773 Астана
Дархан Мыңбай экология мәселелерін шешетін болады

Депутат Мәжілістің Экология комитетінің құрамына кірді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дархан Мыңбай Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті құрамына енді, деп хабарлайды BNews.kz

"Өздеріңіз білесіздер, кеше ҚР ОСК шешімімен "Нұр Отан" партиясының мүшесі Мыңбай Дархан Қамзабекұлы партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды", - деді Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда, төменгі палата спикері Мыңбайды барлық депутаттық корпус атынан құттықтады.

"Журналистикамен айналысып жүрген экологтар бізде көп шығар, ал экологиямен айналысып, осы тақырып бойынша ғылыми жұмысын қорғаған журналист біреу ғана болар", - деді Нығматулин.

Дархан Мыңбай 2012-2013 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарған. Ол 2013 жылдың қаңтарынан 2017 жыл аралығында ҚР Ұлттық мұражайының директоры, ал 2017 жылдың 14 наурызынан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Дархан Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар