Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болып тіркелді - Жаңалықтар | BNews

Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болып тіркелді

13 ақпан, 16:09 780 Астана
Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болып тіркелді

Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің Бюро қаулысымен Дархан Мыңбайды Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тағайындады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ОСК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды.

Дархан Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі" туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі", - делінген хабарламада.

Дархан Мыңбай 2012-2013 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарған. Ол 2013 жылдың қаңтарынан 2017 жыл аралығында ҚР Ұлттық мұражайының директоры, ал 2017 жылдың 14 наурызынан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар