Дәрі-дәрмектерді өте көп мөлшерде сатып аламыз – Сағынтаев - Жаңалықтар | BNews

Дәрі-дәрмектерді өте көп мөлшерде сатып аламыз – Сағынтаев

17 шілде, 12:27 1728 Астана
Дәрі-дәрмектерді өте көп мөлшерде сатып аламыз – Сағынтаев

Премьер-министр дәрі-дәрмектерді мақсатты сатып алу мәселесіне назар аударды.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен аймақ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Премьер-министр дәрі-дәрмектерді мақсатты сатып алу мәселесіне назар аударды. Қажетті дәрі-дәрмектердің нақты санын біліп, артық қаражат жұмсамау керек. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмектердің қажеттілігін жоспарлауды реттеу туралы тапсырма берілді.

"Жалпы көрсетілген көрсеткіштер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ілгерілеушілік бар, дегенмен де қалып кеткен облыстар жұмыстарын жетілдіру қажет, әрине. Елжан Амантайұлы өзінің баяндамасында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін айтып кетті. Біз мұны есепке алмай, дәрі-дәрмектерді өте көп мөлшерде сатып аламыз. Цифрландыруға көшкен кезде оның Қазақстан бойынша негізгі бөлініп жатқаны 35 пайыз ғана төмендеп отыр. Яғни біз қаншалықты қажеттігін білмейміз, артық ақша жұмсап сатып аламыз, оның бәрін қоймаға жинаймыз, артынан сонда артық қаржының шығыны шығып отыр. Яғни біз әр өңірге қажетті дәрі-дәрмек санын білмейміз. Қай дәріге, қай ауруханадан, емханадан өтінім қалай түсті сол қалпында қарастырамыз. Міне, Қызылорда, Маңғыстау облыстары 50 пайызға алмай отыр, яғни артық дәрі кеткен. 1 млрд теңгеге дейін облыстарда шығып жатыр. Осы мәселені, Елжан Амантайұлы, мұқият қадағалаңыз", - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өңірлерде жеке медициналық ұйымдарды ашу қажеттігіне тоқталып, облыс әкімдеріне тапсырма берді.

"Елбасы былтыр тапсырма берді. Жолдауында да айтып кеткен денсаулық сақтау саласын қайта реттеу бойынша атқарылып отырған шаруалардың мәселесі. СҚО-да бес жылдың қорытындысы бойынша денсаулық саласында бірде бір жеке кәсіпорын ашылмаған, ал Қарағанды – 4, Ақмолада – 8, Алматы облысында – 9, Қостанайда – 13, Павлодарда – 15, Астанада – 90, Алматыда – 57, Түркістанда – 43. Яғни, төмен айтылған өңірлерде жұмыс жоқ деген сөз. Осыған, құрметті әкімдер, көңіл бөлулеріңізді сұраймыз. Мүмкіндіктің бәрі жасалды. Жұмыс орындары ашылуы керек. Егер әлеуметтік саладағы мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыс орындары ашылмаса онда жұмыстың дұрыс бағытта жүрмегені", - деді Бақытжан Сағынтаев

Сондай-ақ, Үкімет басшысы шетелде емделуге квота беру мәселесіне тоқталды. Ол денсаулық сақтау министріне осы мәселеге аса назар аударып, квотаны алу тәртібін жетілдіруді тапсырды.

Қорытындылай келе, Премьер-министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тиімді енгізу мәселесі ерекше бақылауда екенін еске салды. Елжан Біртановқа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қорытындылары туралы баяндау тапсырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: