Дариға Назарбаева Ұлыбритания елшісімен кездесті

14 маусым, 2018, 19:17 3157 Астана
Дариға Назарбаева Ұлыбритания елшісімен кездесті

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффордты қабылдады.

Дариға Назарбаева Астанадағы дипломатиялық миссияның басталуымен Майкл Гиффордты құттықтады және оның кәсіби тәжірибесі біздің елдердің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді, деп хабарлайды BNews.kz  Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесушілер Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның Сингапурда болған кездесуі және Корей түбегін қарусыздандыру мәселелерінің шешілуі туралы пікір алмасты. Дариға Назарбаеваның пікірінше, АҚШ пен КХДР басшылары арасындағы келіссөздерге үміт артуға болады.

Сенат комитетінің төрағасы Қазақстан мен Британия арасындағы достық және сенімді қатынастарды жоғары бағалап, Ұлыбританияның Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. Ауқымды сауда- экономикалық, қаржы және инвестициялық ынтымақтастық орнатылды. Дариға Назарбаева "Астана" халықаралық қаржы орталығының ашылуына байланысты британ банкілері мен қаржы институттарының алдында ашылатын зор мүмкіндіктерге назар аударды.

Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Дариға Назарбаева білім, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелі сипатын ризашылықпен атап өтті. Сенатор Британ кеңесі мен еліміздің Білім және ғылым министрлігін бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге шақырды.

Әңгіме барысында екі елдің заң шығару органдарында жұмыс істейтін достық топтары зор рөл атқаратын парламентаралық үнқатысудың маңыздылығы атап өтілді. Дариға Назарбаева атап өткендей, британ депутаттарының қазақстандық әріптестерімен байланыстары Қазақстан мен Ұлыбританияның парламенттері арасындағы байланыстарды кеңейту мен тереңдетуде шешуші ықпалы болуы тиіс.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар