Дәрігер мен науқастың байланысы үшін жасалған мобильдік қосымшаны 4000 қарағандылық жүктеген

30 қазан, 2017, 14:49 2083
Дәрігер мен науқастың байланысы үшін жасалған мобильдік қосымшаны 4000 қарағандылық  жүктеген

Дәрігермен байланыс ұстауға арналған мобильдік қосымшаны төрт мыңнан астам адам жүктеген екен. Ол жайлы обыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді. 

«Даму-мед» қосымшасы Қарағанды облысында қазан айының басынан бастап қолданыла бастады. Оның көмегімен науқастар дәрігерлерге қаралуға жазыла алады, өздерінің сараптамаларын қадағалап, оқыс жағдайда «SOS» пернесін басып жедел жәрдем шақыра алады. 

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев бүгінге дейін қосымшаны төрт мыңнан астам адам жүктегенін айтты. 


«Бүгінгі таңда қосымшаны төрт мыңнан астам адам жүктеп алды. Жылдың соңына қарай біз оны 50 мыңға жуық адам жүктейді деп күтіп отырмыз. Ол дәрігерлерге де, науқастардың өзіне де өте ыңғайлы. Пайдаланушы бұл қосымшаны орнатқанда, емделуші адам тіркелген емханада ол бірден көрінеді», - дейді Ержан Нұрлыбаев. 

Тұрғындар  тіркеуде тұрған емханаға барып, телефон нөмірін қалдырып, қосымшаны жүктей алады. Көрсетілген нөмірге сілтеме жіберіледі. Сол арқылы өтіп, қосымшаны орнатуға болады.

 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қарағанды облысы #мобильдік қосымша #дәрігерге жазылу

Читайте также

Похожие новости