Дәрігерлер Денис Теннің жағдайына байланысты түсініктеме берді - Жаңалықтар | BNews

Дәрігерлер Денис Теннің жағдайына байланысты түсініктеме берді

19 шілде, 17:41 2998 Алматы
Дәрігерлер Денис Теннің жағдайына байланысты түсініктеме берді

Ауруханаға келіп түскенде Денис Теннің жағдайы өте ауыр болды.

Медицина қызметкерлері Денис Теннің жағдайына байланысты, түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"2018 жылдың 19 шілде күні сағат 14.56-да жедел жәрдем стансасына пышақ жарақаты туралы ақпарат келіп түсті, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жіберілді. Денис Тенді жедел жәрдем көлігі Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Ауруханаға келгендегі алдын-ала диагноз "Оң жақ санының пышақ жарақаты. Аяқ тамырларының зақымдануы. Сыртқа қан кету", - деп хабарлады басқармада.

Науқастың жағдайы өте ауыр саналып, жан сақтау шаралары жасалды.

"Науқасқа тиісті дәрігерлер шұғыл ем-шара жасауда", - деп қосты Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әлішер Елікбаев әлеуметтік желіде Денис Тенді пышақтап кеткені жөнінде жазғаны туралы хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары