Дәурен Абаев азаматтарды онлайн-тіркеу апта соңына қарай іске қосылады деп сендірді

16 қаңтар, 2017, 19:51 548
Дәурен Абаев азаматтарды онлайн-тіркеу апта соңына қарай іске қосылады деп сендірді

PaperLab пікірталас клубында өткен отырыс барысында ақпарат және коммуникация министрі Алматыға қарасты ХҚКО-да көз жұмған адамның туған-туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, ол азаматтарды онлайн-тіркеу алаңы осы аптаның соңына қарай дайын болатынын жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Осы алаңды пайдаланып, Алматыдағы ХҚКО-да отырып, қайтыс болған адамның туған-туыстарына көңіл айтуға рұқсат етіңіздер. Мен шын жүректен қайғырып, көңіл айтамын. Бірден медициналық көмек көрсетілген екен. Бұл бірінші жағдай емес. Одан кейін дәрігерлердің мұнда кезекшілік етуіне өтініш жасалыпты. Орталықтардың жұмыс уақыты ұзартылған. Осы режимде олар айдың соңына дейін жұмыс істейді. Қазіргі уақытта кезектің айтарлықтай азайғаны байқалады», - деді ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды уақытша тіркеуге қатысты Сорос-Қазақстан қоры қолдауымен PaperLab пікірталас клубында өткен отырыста.

Оның айтуынша, бүгін шамамен 250 мың адам тіркеуге отырған. Министр таяу уақытта онлайн-тіркеу де іске қосылады деп сендірді. 

«Менің ойымша, біздің министрліктің құзіретіне кіретін мәселелердің барлығын, мысалы, онлайн-тіркеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауға дайынбыз. Бұл ҚР АКМ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жауапты техникалық жабдықтаудың 80%-ы дайын екенін білдіреді. Алайда, тапсырыс беруші ҚР ІІМ. Олар өз тарапынан белгілі бір іс-шараларды жүзеге асырған соң, онлайн-тіркеу іске қосылады», -деді Дәурен Абаев.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Дәурен Абаев #онлайн-тіркеу

Читайте также

Похожие новости