Дәурен Абаев e-Gov порталында қандай қызметтер жиі пайдаланылатынын атады

15 қаңтар, 2019, 13:29 1801
Дәурен Абаев e-Gov порталында қандай қызметтер жиі пайдаланылатынын атады

Министрдің сөзінше, e-Gov порталының өткізген сараптамасына сәйкес, ел тұрғындары денсаулық сақтау қызметтерін өте жиі пайдаланады екен. 

Еліміздегі e-Gov электрондық үкімет порталындағы қандай қызметтерді халық жиі пайдаланатыны белгілі болды. Бүгін Үкімет отырысында баяндама жасаған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, e-Gov порталының өткізген сараптамасына сәйкес, Қазақстан тұрғындары денсаулық сақтау қызметтерін өте жиі пайдаланады екен, деп хабарлайды BNews.kz

"Сондықтан былтыр медициналық ұйымға тіркелу мен дәрігер таңдау сияқты қызмет электронды форматқа енгізілді. 4 айдың ішінде бұл қызметті 70 мың адам пайдаланған екен. Ал өткен айдан бастап, наркологиялық, психологиялық және тубдиспансерлер анықтамасын портал арқылы алуға мүмкіндік пайда болды. Қазір қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алуға болады", - деді Дәурен Абаев.

Осы орайда ол аталған анықтамалар жұмысқа орналасатын кезде, оқуға түсерде және тағы басқа сәттерде қажет екенін атап өтті.

"Енді жұмыс беруші тарапқа кандидаттың жоғарыда аталған диспансерлерде тіркеуде тұрған-тұрмағаны туралы ақпарат болса жеткілікті. Сондықтан да азаматтар анықтама алу үшін диспансерлерді аралап, кезекте тұрмайды. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүйелі жұмысты қажет етеді. Тәжіреби көрсетіп отырғандай бұл шаруа кешенді түрде, жоғары цифрлық сауаттылықпен атқарылуы тиіс", - деді Ақпарат және коммуникациялар министрі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, енді елімізде некені үш күн ішінде тіркеуге мүмкін болады. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, сондай-ақ өтініш берген күннен бастап 2 айға дейінгі уақыт аралығында некелесу күнін таңдау мүмкіндігі беріледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Дәурен Абаев #электрондық қызмет

Читайте также

Похожие новости