Дәурен Абаев Қазақстанда қанша абонент 4G қолданатынын айтты - Жаңалықтар | BNews

Дәурен Абаев Қазақстанда қанша абонент 4G қолданатынын айтты

15 ақпан, 17:12 991
Дәурен Абаев Қазақстанда қанша абонент 4G қолданатынын айтты

Министрдің сөзінше, еліміздің 5 млн абоненті 4G интернет жылдамдығын қолданады.

Қазақстанда шамамен 14 млн адам 3G-мен қамтамасыз етілген. Ал 4G қолданатын абоненттер саны – 5 млн. Стандартты 2G телефон байланысымен халықтың 100%-ы қамтылған. Бұл деректерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды BNews.kz.

"Қазақстан территориясындағы ландшафтық ерекшеліктерге және халықтың тығыздығына қарай тұрғындардың бәрін бір сәтте 4G интернет жылдамдығымен қамтамасыз ету мүмкін емес. Дегенмен, бүгінгі таңда 14 млн адам стандартты 3G-мен қамтамасыз етілген. 5 млн абонент 4G қолданады. 2G мобильді байланыспен халықтың 100%-ы қамтылған. Бұл сапалы түрде істелген жұмыстың нәтижесі деп сенімді түрде айтуға болады", - дейді министр.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев 2020 жылға қарай министрлік жылдамдығы жоғары интернетпен 1 240 ауылды аймақтарды қамтамасыз ету жоспарда бар екенін айтқан. Бұл жобаның үлкен әлеуметтік мәні бар, өйткені аталған жоба бойынша ауыл-аймақ тұрғындарының онлайн қызметтерді пайдалануға мүмкіндігі болады.

Осыған дейін министр Дәурен Абаев келер жылдан бастап тіркелмеген телефондарға қызмет көрсетілмейтіндігін айтқан болатын. Ұялы телефондарды онлайн-тіркеудің баламалалы тәсілдері қарастырылуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары