Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

17 қараша, 2018, 15:20 2496
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жексенбі және дүйсенбі күндері қар күтіледі.

Кең алқапты және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұруын жалғастырады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Ең төменгі түнгі ауа температурасы минус 10…18°С градус, республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде минус 20…28°С градус белгіленді, ол климаттық нормадан 8…15°С градус төмен. Бірақ Батыс Сібірдің және Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжыйтын атлантикалық циклондардың әсерінен, Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсуін бастайды. Онымен демалыс күндері температураның жоғарылауы болжанады, сонай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, желдің күші 15…20 м/с.

Республиканың оңтүстігінде әзірше жауын-шашынсыз, бірақ сондай-ақ температураның жоғарылауы күтіледі, ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде әсіресе таулы аймақтарда қар күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар