Демалыс күндері Астанада аязды ауа райы күтіледі

10 қаңтар, 2019, 16:02 493 Астана
Демалыс күндері Астанада аязды ауа райы күтіледі

Ауа температурасы түнде -22 градусқа дейін төмендейді.

Елордада алдағы үш күнде күн райы құбылмалы болып, түнде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Синоптиктердің болжамы бойынша, жұмада елордада күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттан жылдамдығы 2-7 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -23-25°С, күндіз -14-16°С.

"12 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -11-13°С құрайды", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.

13 қаңтарда да көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Сынап бағанасы түнде -13-15°С, күндіз 5-7°С көрсетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар