Демалыс күндері Астанада өткінші жауын жауады - Жаңалықтар | BNews

Демалыс күндері Астанада өткінші жауын жауады

13 шілде, 16:38 2423 Астана
Демалыс күндері Астанада өткінші жауын жауады

Ал, 14-ші шілде күні көшпелі бұлт шығып, күндіз өткінші жауын мен бұршақ жаууы мүмкін.

Шілде айының 13-15 күндері Астанада өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

13 шілде күні көшпелі бұлт шығып, күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел 3-8, күндіз желдің екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +28...+30°С.

Ал, 14-ші шілде күні көшпелі бұлт шығып, күндіз өткінші жауын жауады және бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан желдің екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +27...+29°С.

15-ші шілде күні көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын жауып, күн күркірейді және бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан жел 5-10 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +26...+28°С.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары