Демалыс күндері ауа температурасы жоғарылайды

11 қаңтар, 2019, 16:07 912
Демалыс күндері ауа температурасы жоғарылайды

12-14 қаңтар күндері республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады.

Қазақстан территориясына Қара теңіз аймағынан жылжып келген атмосфералық фронттардың әсерінен Сібір антициклоны әлсіреп, ауа температурасы республиканың басым бөлігінде жоғарылайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Бірақ батыс және солтүстік-батыс аймақтарда температураның жоғарылауымен бірге қар жауып, кей жерлерде бұрқасын және қатты екпінді жел күтіледі.

Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына алдағы тәулікте оңтүстік циклонның әсерінен, кей жерлерде қар, бұрқасын, батыстан қатты жел, оңтүстік және оңтүстік-шығыста тұман және көктайғақ күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар