Демалыс күндері елімізде отыздан аса адам газдан уланып қалды - Жаңалықтар | BNews

Демалыс күндері елімізде отыздан аса адам газдан уланып қалды

09 қаңтар, 11:44 1107 Қазақстан жаңалықтары
Демалыс күндері елімізде отыздан аса адам газдан уланып қалды

6 және 7 қаңтар күндері республика бойынша 33 адам улы және табиғи газбен уланды. Олардың 25-і балалар. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды  BNews.kz ҚР ІІМ ТЖК-не сілтеме жасап.

Оқыс оқиғалар еліміздің алты елді мекенінде тіркелген. Негізгі себеп жылыту жүйесінің жарамсыздығы.

2018 жылғы 6 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшілдер ауданы Шелек ауылында жеке тұрғын үйде улы газдан зардап шеккен  6 бала ауруханаға жатқызылды. Алдын ала себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығы.

7 қаңтарда Алматы облысы Талдықорған қаласында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақауы салдарынан 9 бала улы газдан зардап шегіп ауруханаға жеткізілді, дәрігердің қарауынан кейін 5-уі ауруханаға жатқызылды. Оның да себебі қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығында болды.

Сондай-ақ 6 қаңтарда Астана қаласындағы Есіл ауданында «Труд» бау-бақша қоғамындағы тұрғын саяжайда улы газдан зардап шегу салдарынан 9 бала ауруханаға жатқызылды, оның 6-ауы қонаққа келген. Алдын ала себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешінің дұрыс істемеуі.

Ал Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Белый Камень кентінде және Глубоковский ауданы Прапорщиков ауылында өздерінің жеке тұрғын үйлерінен улы газдан зардап шеккен 1966 және 1971 жылғы екі әйел ауруханаға жатқызылды. Алдын ала себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығы.

Сондай-ақ осы күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы Мамыр шағын ауданында жалға алған жеке тұрғын үйде 5 адам табиғи газбен уланды, соның ішінде 1993 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды, ал қалған 4 адам ауруханаға жатқызылды. Оған да алдын ала болжам бойынша, табиғи газбен жанатын жылыту пешінің ақаулығы себеп болған.

7 қаңтарда Қостанай облысы Қостанай-2 қаласында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 1997 жылы туған әйел адам мен 2007 жылы туған бала улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды.

Жалпы 2017-2018 ж жылыту кезеңінде (2017 жылғы 15 қазан мен 31 желтоқсан аралығында) улы және табиғи газбен улану салдарынан 24 адам көз жұмып, 149 адам зардап шекті.

Адамдардың көбі түтіндіктің бекітілуі салдарынан көз жұмған , жеке тұрғын үй секторда иіс тиіп улану салдарынан қаза болғандардың саны 11 адам немесе 46%-ы, пеш конструкциясының күюі және жарықшақтары салдарынан 8 адам (34%), тұрмыстық газ құрылғысын пайдалану кезінде талаптардың бұзылуы – 4 адам (17 %), ақауы бар пеш жабдықтарын пайдалану салдарынан 1 адам (3%) көз жұмды.

Иіс тию көбінесе уланудың негізгі себебі болып табылады. СО улы газы – толыққанды жанбаудың өнімі және күшті улы зат. Көбінесе, иіс тиіп улану – маусымдық құбылыс, оның шарықтау кезі негізінен күз және қыс айларына келеді, ол кезде адамдар электр құралдарын және пешпен жылытуды пайдаланады. Жылыту пештерін пайдаланатын тұрғын-үй секторының тұрғындары үшін осы кезең аса қауіпті. Ал жылыту пештерін пайдалану қағидаларын бұзу иіс тиіп улану сияқты қайғылы оқиғаларға әкеп соқтырады.

Өрттерде адамдардың қаза болуына жол бермеу, азаматтардың жеке мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту мақсатында ҚР ІІМ ТЖ комитеті аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері халық арасында тұрақты негізде үгіт-насихаттау және профилактикалық жұмыстар(халықпен жиындар, аула-ауланы аралау, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін жұмылдыру арқылы рейдтік іс-шаралар) жүргізеді.

Мәселен, жылыту маусымының басынан бастап азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 48 мыңнан астам рет аула-ауланы аралау жұмыстарын жүргізді,онда жалпы саны 968,2 мың адам қамтылды. Тұрғын секторда 5 мыңға жуық жиналыс және жиын ұйымдастырылды, онда 95 мыңнан астам адам қамтылды. Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын адамдардың тұрғылықты жерлерінде өткізілген рейдтердің саны 7,3 мыңды құрады. ТЖД қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге 3 мыңнан астам рейд өткізді.

Оқу орындарында 277 интерактивтік сабақ ұйымдастырылды, онда 2862 оқу орны, 112 485 оқушы қамтылды. Ұйымдардың қызметкерлерімен 7 мыңға жуық нұсқаулық, дәріс және әңгімелесу өткізілді.

«Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстарға, тұрғын сектордың аула-ауласын аралау жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, оның аясында сіздер өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша кеңес ала аласыздар. Сонымен қатар халық арасында өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарын анықтаған жағдайда өрттер мен қайғылы оқиғаларға жол бермеуге уақытылы ден қою үшін Төтенше жағдайлар департаменттерінің (аумақ бойынша) сенім телефондарына хабарлауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада

Бүгінгі күні адамдардың иіс тиіп улануына жол бермеу мақсатында тұрғын үйлерге улы газ датчиктері мен улы, табиғи және сұйытылған газ концентрациясын шектеулі түрде берілуін анықтайтын газ анализаторлары бар. Осы датчиктер газдың шектеулі нормадан шығуына уақытылы ден қоюға және қайғылы оқиғаға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөнге келтіру, пеш конструкциясындағы жарықшаларды майлау, түтіндіктерді тазалау және т.б. қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары