Демалыс күндері елімізде жауын жауып, күн суытады

26 қазан, 2018, 13:51 3069
Демалыс күндері елімізде жауын жауып, күн суытады

Синоптиктер жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады деп болжауда.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27-29 қазан аралығында Қазақстанның барлық аумағында жауын жауып, күн суытатынын болжады, деп хабарлайды BNews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, аномальді жылы ауа райынан кейін Қазақстандағы ауа райы өзгере бастады.

"Суық атмосфералық фронттармен байланысты белсенді бұлтты массив республиканың батысына жылжыды және демалыс күндері шығыс бағытта жылжи отырып, жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар және Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының төмендеуін тудырады", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар