Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, тұман түсуі ықтимал - Жаңалықтар | BNews

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, тұман түсуі ықтимал

23 ақпан, 15:54 1266
Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, тұман түсуі ықтимал

Қазақстан таулы аймақтарында өздігінен болатын қар көшкіндері күтілмейді.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталып, кей жерлерде қар, боран және желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Басқа күндерде тұман болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Батыс Алтай, Тарбағатай және Жетісу тауларында жауын-шашын жалғасты. Жауған жауын-шашын қаркөшкін жағдайына ешқандай өзгеріс туғызған жоқ. Бұрқасын және желдің күшеюі тіркелмеді. Қаркөшкін жағдайы алаңсыз күйінде сақталады

Алдағы үш тәулікте (24-26 ақпанда) Қазақстан таулы аймақтарында өздігінен болатын қар көшкіндері күтілмейді. Қар көшкінін жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары