Демалыс күндері еліміздің шығысында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал - Жаңалықтар | BNews

Демалыс күндері еліміздің шығысында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

27 шілде, 15:46 3008
Демалыс күндері еліміздің шығысында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

Еліміздің оңтүстік-батысында сынап бағанасы 40-42 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне, 28-30 шілдеге қатысты ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Батыс Қазақстан облысында күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды. Ал Солтүстік Қазақстане облысында қатты жел соғып, күн күрт ысиды.

"29 шілдеде өткінші жауын-шашындардың болуына қарамастан, республиканың солтүстік өңірлерінде күндіз ауа температурасы 25-30 градусқа дейін көтеріледі. Бұл Иранның аумағынан жылы ауа массаларының көшуіне байланысты болып отыр. Еліміздің оңтүстік-батысында сынап бағанасы 40-42 градусқа дейін жетуі мүмкін. Қазақстанның шығыс өңіріне циклон ықпал етеді. Ол салқын әрі дымқыл ауа әкеледі деп күтілуде. Соның салдарынан өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейіп, ауа температурасы құбылуы ықтимал",  - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары