Демалыс күндері елордада жаңбыр күтіледі

25 қазан, 2018, 17:09 3073 Астана
Демалыс күндері елордада жаңбыр күтіледі

Ауа температурасы түнде және күндіз +3...+5 °С болады деп болжануда.

Қазан айының 27-28 күндері Астанада жауын шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қазгидрометтің мәліметінше, ертең, 26 қазан, көшпелі бұлт шыққанмен, жауын жаумайды. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с болады деп күтілуде.

Ауа температурасы түнде 0... +2 °С, күндіз +11...+13°С. Сенбі, 27 қазан, көшпелі бұлт шығып, түсте жауын жауады. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с соғады, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5 °С, күндіз +13...+15 °С күтіледі.

Ал, 28 қазан күні көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын шашын күтіледі. Жел батыстан соғады 7-12, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +3...+5 °С құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар