Демалыс күндері қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

12 Октября, 2018, 16:04 4294
Демалыс күндері қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін |  | BNews.kz

Солтүстік облыстарда көктайғақ  болжануда.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның барлық аймақтарында қазанның бірінші онкүндігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2…5°С жоғары болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірақ оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысатын тропосфералық ағындар республикаға Қара теңізден жылы ауа, ал Баранцев және Карск теңізінен суық және дымқыл ауа массаларын әкелетін болады.

Сондықтан демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды, күшті ұйытқымалы желмен, әрі қарай ауа температурасының республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында төмендеуіне әкеледі. Таулы аймақтарда күшті жауын-шашын – жел, сулы қар, солтүстік облыстарда көктайғақтың болуы мүмкін деп болжанады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13932

Похожие новости