Демалыс күндері Қазақстанда күн жылынады

16 қараша, 2018, 14:03 3108
Демалыс күндері Қазақстанда күн жылынады

Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсе бастайды.

Демалыс күндері, яғни 17-19 қараша аралығында Қазақстанда ауа температурасы жоғарылап, күн жылынады. Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсе бастайды, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, кең алқапты және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұруын жалғастырады. Ең төменгі түнгі ауа температурасы -10…-18°С градус, республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде -20…-28°С градус белгіленді, ол климаттық нормадан 8…15°С градус төмен.

"Бірақ Батыс Сібірдің және Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжитын атлантикалық циклондардың әсерінен Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсе бастайды. Соған байланысты демалыс күндері ауа температурасының жоғарылауы болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, желдің күші - 15…20 м/с", - делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігінде әзірше жауын-шашынсыз, сонымен қатар температураның жоғарылауы күтіледі, ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде әсіресе таулы аймақтарда қар күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар